ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында 44 педагогтан тұратын «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ ұжымы денсаулық және әл-ауқат саласында білім алуға арналған EduHub UNESCO халықаралық онлайн платформасында курстық оқуды аяқтады. Үш тақырыпқа назар аударылды: «Мектептердегі зорлық-зомбылықтың, қорлаудың және кибербуллингтің алдын алу» , «Ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты дамыту» , «Жан-жақты жыныстық тәрбие беру». Бұл онлайн курстар денсаулық және әл-ауқат саласындағы сарапшылармен интерактивті вебинарларды қамтыды және осы курстардың тәлімгерлері ұсынылған тақырыптар бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастырды. Осы онлайн курстардың қорытындысы бойынша мұғалімдер сертификаттар алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған