Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-де педагогикалық бастаманы жариялау туралы

 

ЮНЕСКО клубтарының жұмыс жоспары негізінде, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Рудный қаласының ЕБҚ БҚО- да 6-7 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының әртүрлі ұйымдарының жоғары сынып оқушыларымен ынтымақтастық аясында біздің оқушыларға онлайн платформалар арқылы білім алуға көмектесетін Mentor тәлімгерлерінің Mentee бағдарламасы іске қосылды.

 

ЮНЕСКО клубтарының бастамасын қолдай отырып, бұл бағдарлама Орталықтың барлық қызығушылық танытқан оқушылары үшін іске қосылды. Жоғары сынып оқушылары осы бағдарлама бойынша бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушыларға тәлімгер ретінде жұмыс істеу ұсынысын қызығушылық әрі ниетпен қабылдады. Жүргізілген ұйымдастыру жұмыстары, бұл: оқушылар мен мұғалімдердің тізімдерін жасау, Орталықтың білім беру қажеттіліктері мен ресурстарын анықтау, мектеп жиындары мен тағы басқа кездесулер өткізу оқушылар мен мұғалімдердің білім сапасы мен оқу мотивациясын арттырудағы бірлескен жұмысын жақсартуға бағыттауға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде 2024 жылдың қаңтарында педагогикалық кеңесте жұмысты талдау жоспарлануда.

Бұл бағдарламаны ЕБҚ БҚО-ның ЮНЕСКО клубтарындағы хатшысы О.С.Щербакова басқарады, бақылау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Н. Комаров және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары А.В. Быркоға жүктеледі.

Бұл бастаманың оқу-тәрбие үрдісін дамытудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз. Болашақтың іргесін бірге жасап, оқушыларымызға қолдау көрсетейік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған