Педагогикалық кадрларды аттестаттау педагогтардың, тәрбиешілердің және білім беру саласындағы басқа да мамандардың кәсіптік және жеке құзыреттерін, білімі мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды рәсім болып табылады.
Әдістемелік жоспарлау кеңесінде Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Комарова Нина Николаевна өз сөзінде арнайы білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагог қызметкерлері үшін жаңа форматтағы аттестаттау ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Қазақстандағы мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа ережелері білім сапасын арттырудағы елеулі қадам болды. Бұл ережелер :
мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму факторына;
өзін-өзі тәрбиелеу мен мансаптық өсуді ынталандыруға;
әлеуметтік әділеттілікке;
оқушылардың жетістіктері арқылы мұғалімнің іс-әрекетін объективті бағалау жүйесіне;
академиялық адалдыққа септігін тигізеді.
Нина Николаевна аттестаттаудың философиясы, өтпелі кезеңі, мұғалімді бағалау критерийлері, Ұстаз тұғырнамасының жобасы туралы негізгі мәселелерге тоқталды.
Жаңа аттестаттау ережелерін талқылау нәтижелі өтіп, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.