Рудный қаласының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауында жеңімпаз атанды. Бұл байқауда біздің оқушылар 3 гран-при, 6 бірінші орын, 2 екінші және 2 үшінші орын иеленді. Байқау ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға өздерінің әлеуеті мен таланттарын көркем жұмыстар арқылы көрсетіп, сұранысқа ие және табысты тұлға ретінде сезінуге бірегей мүмкіндік берді. Бұл байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстар тізіміне енгізілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған