2023 жылдың 15 желтоқсанында ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының ( ЮНЕСКОның БАТИы) қолдауымен EduHub денсаулық және әл-ауқат саласында халықаралық білім беру платформасында салауатты өмір салты және буллингтің алдын алу бойынша вебинарлар сериясы басталды. Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ ұжымы Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО клубтарының мүшесі ретінде осы іс-шараға белсенді қатысты. Вебинардың спикерлері:

ҚР Оқу ағарту Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА үздіксіз кәсіби білім беру институтының бас ғылыми қызметкері Алмагүл Мұхамедханова, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Айгүл Рақижанова , ҚР Оқу ағарту Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми хатшысы Жанна Жақиянова , Алматы қаласындағы жастар денсаулық орталықтарын дамыту ресурстық орталығының жетекшісі Шолпан Қаржаубаева, EduHub басшысы Виталий Никонович қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы мен өзектілігі жайлы, сонымен қатар білім беру ортасында буллингтің алдын алу әдістері туралы әңгімеледі. Вебинар спикерлері тек теориялық аспектілерімен ғана емес, сонымен қатар мектептерде қолайлы орта құрудың практикалық құралдарымен де бөлісті. Іс-шараның жоғары кәсібилігі мен интерактивтілігін атап өту маңызды. Қатысушылардың сұрақтары назардан тыс қалмай, оқу үдерісіндегі күнделікті жағдайларға нақты шешімдер ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған