4 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ базасындағы облыстық ресурстық орталығында инклюзивті білім беруді қолдау бойынша қашықтық үлгіде өткен семинарда мұғалімдер инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға жиналды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологиялар мен цифрлық білім беру ресурстарына назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйесін Ресей Федерациясынан (Мәскеу, Челябі), Қазақстан Республикасынан (Қостанай облысы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Шымкент) мұғалімдер таныстырды.

Семинарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жұмысты тиімді жүргізуге көмектесетін жаңа технологиялар мен цифрлық білім беру ресурстары басты назарда болды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, ұтымды сәттерін ұсынды және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялар мен цифрлық білім беру ресурстарын қалай бейімдеу керектігін талқылады.

Семинар білім берудегі жаңа тенденциялар туралы білуге, әріптестерді тәжірибе жасауға шабыттандыруға және практикалық оқытуды барлық мұғалімдер үшін қызықты әрі қолжетімді етуге көмектесетін идеяларды өз тәжірибесіне енгізуге тамаша мүмкіндік болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған