Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ ресурстық орталығының базасында Қостанай облысының жас педагогтарын даярлайтын «Кедергісіз мектеп» педагогикалық оқу лагері өтті, оның ұйымдастырушысы « Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-інің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті, яғни Қостанай облысы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Татьяна Ивановна Набатникова және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ аға әдіскері Валентина Бақытжанқызы Бесенбаева болып табылады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ директоры Ирина Николаевна Дмитриева «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері бойынша жас мұғалімдерге әдістемелік қолдау» мәселесімен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Комарова, директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Б.Б.Жумукбаева, ағылшын тілі мұғалімі О.И.Таранухина «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында білім беру үдерісін нормативтік-құқықтық қолдау» тақырыбында консультация және интерактивті ойын өткізді.

Мұғалімдер Мухтарова А.Д., Апачинская С.Г., Ахметова С.Т., Баяханова А.Б., Сумцова О.Н., Бушуева Н.А., Гулиенко Е.А., Молдабекова Ж.Х., Никитин В.В., Копытина В.Д. , Кабдулов А.С., Фахретдинов В.Д. «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік қолдау», «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау» тақырыптарында жас мамандармен тәжірибелік сабақтар өткізді, көптеген жоғары сапалы практикалық материалдар ұсынды.

Кездесудің маңызды нәтижесі инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында білім беру үдерісін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің құжаттамасын түсіну және пайдалану, қысқа мерзімді сабақты жоспарлау, ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы білім беруді жүзеге асыру мақсатында түзету мақсаттарын таңдау және жүзеге асыру, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыға жеке оқу жоспарын құру, ұсынылған оқу материалынан зейін, есте сақтау, ойлауға арналған тапсырмалар құрастыру (танымдық саланы дамытуға арналған жаттығулар негізінде); ақыл-ойы бұзылған оқушыларға арналған оқу жоспарын құрастыру, ПМПК-ға оқушының мінездемесін құрастыру, алгоритм бойынша шағын консилиум өткізу, бейнематериал негізінде ППК-ге мұғалімнің ұсынысын құрастыру бойынша көрсетілген көмек болды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған