Біздің мекеменің жоғары топ тәрбиеленушілері үшін «Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру» атты маңызды және өзекті тақырыпта профилактикалық әңгіме өткізілді 💬✨
Іс-шараны «Рудный қалалық емханасы» КМК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы 🏥 , салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі Сейтбаталова Елена Николаевна 🩺 – өткізді.
Кездесу барысында қыздар репродуктивті денсаулық ⚕️, өзін-өзі күту ❤️ және жасөспірімдік шақта денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы пайдалы және сенімді ақпарат алды 👧🏼🌱
Мұндай әңгімелер жасөспірімдердің бойында өсу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне саналы да жауапты көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.