2024 жылғы 17 сәуірде «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-сінің базасында «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудағы педагогтардың педагогикалық және кәсіби әдістемелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінің сәтті бейімделуіне ықпал ететін инновациялық стратегиялар мен оқыту әдістерін әзірлеу мақсатында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибе алмасу және озық тәжірибені беру. Семинарға еліміздің әр өңірінен арнайы білім беру саласының педагогтері мен мамандары жиналды. Іс-шара бағдарламасына дәріс және презентация материалдары, сондай-ақ қосымша электронды ресурстар кірді. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және құнды тәжірибе алмасулары үшін алғыс айтамыз!
#Семинар #Білімберу#ЕрекшеБілімберу қажеттілігі #Педагогика #Инновациялар