“Рудный қаласының ЕБҚ бар балаларды қолдау орталығы” КММ-де “Аттестаттау мәселесі бойынша нормативтік құқықтық база және әдістемелік ұсынымдар”тақырыбында теориялық семинар өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Щербакова Ольга Сергеевна ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен оқу үдерісіне оқыту мен білім беру үдерістерін дамыту және жетілдіру мақсатында Lesson Study тәсілінің теориялық негіздерін енгізу мүмкіндігін зерделеп, ұсынды.
Таранухина Оксана Игоревна, ағылшын тілі мұғалімі, мұғалімдердің назарына ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде цифрлық құзыреттіліктер мен дағдыларды дамытудың қазіргі, цифрлық әлемдегі өзектілігін ұсынды. Цифрлық сауаттылық пен дағдыларды қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – цифрлық ресурстарды, цифрлық платформаларды, цифрлық оқулықтарды, цифрлық контентті пайдалану болып табылады. Сондай-ақ, білім беру процесінде ол белгілі бір тақырыптарға сәйкес кіріктірілген оқытуды көздейтін STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдану мәселесін аша түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған