Мухтарова Айгуль Дузеновна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

педагог-зерттеуші

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазіргі заманда, білім беру жүйесі әр баланың танымдық, эмоционалдық және сөйлеу қабілеттерін ескеретін жекелендірілген тәсілдерді талап етеді. Бұл қажеттілік әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеген кезде айқын көрінеді. Осындай жағдайларда TopIQ цифрлық платформасы педагогтер үшін тиімді құрал болып табылады. Бұл платформа ойын арқылы оқытуды ұйымдастырып, баланың жеке даму қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, педагогтің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектеседі, қазақ тілін оқытуда TopIQ-ың мүмкіндіктері кең.

Тапсырмалар мен жаттығулар балаға қазақ тілінде сөйлесуге, өз ойын жеткізуге және жазбаша сауаттылығын арттыруға бағытталған. Платформа арқылы:

1)қазақ тіліндегі сөздік қорды кеңейтуге;

2)сөздердің дыбыстық-мағыналық құрылымын меңгеруге;

3)грамматикалық құрылымдарды ойын арқылы игеруге;

4)диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын дамытуға болады.

TopIQ — бұл түрлі жаттығулар мен ойындарды біріктіретін интерактивті орта. Платформа балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін және эмоциялық реакцияларын дамытуға бағытталған. Оның құрылымы баланың деңгейіне қарай тапсырмаларды іріктеуге мүмкіндік береді, бұл жекелендірілген және тиімді тілді дамыту жұмысын жүргізуге жағдай жасайды.

TopIQ қолдану барысында педагог әр баланың қажеттілігі мен деңгейіне сәйкес тапсырмалар жинағын қалыптастыра алады. Мысалы, сөйлеу тілінде қиындықтары бар балаға дыбыстық сәйкестікке, сурет арқылы әңгімелеуге арналған жаттығулар таңдалады. Ал назар және жады мәселелері бар оқушыға қарапайым логикалық ойындар ұсынылады. Платформаның геймификация элементтері балалардың қызығушылығын арттырып, сабақты зеріктірмей өткізуді қамтамасыз етеді.

TopIQ-ың маңызды артықшылығы — кері байланыс пен ілгерілеуді қадағалау мүмкіндігі. Педагог әр оқушының нәтижесін бақылап, жетістіктері мен қиындықтарын нақты көре алады.

Платформаны тек сабақта ғана емес, үй жағдайында да қолдануға болады. Ата-аналар баламен бірге қызықты тапсырмаларды орындай отырып, баланың дамуына белсенді қатыса алады. Бұл үй мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, TopIQ — баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып қазақ тілі сабақтарын қызықты жүргізуге арналған заманауи құрал. Ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытуға, сабаққа деген ынтасын арттыруға және педагогтің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында мұндай платформалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы және тең мүмкіндік жасау жолындағы маңызды қадам болып саналады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бұйрықтары №131, №216, №286 Білім берудегі электрондық оқулықтарды пайдалануға арналған ұсыныстар.

2.TopIQ. URL үздік платформаның ресми сайты: https://topiq.kz/ru(https://topiq.kz/ru/ )

3.Әбдікәрімова Т. «Тіл дамыту әдістемесі». — Алматы: Рауан, 2021.

4.Оралбаева Н., Жақсылықова К. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». — Астана: Фолиант, 2020.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған