Сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз: Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ ұжымы ЮНЕСКО клубының мүшесі болды! Бұл біздің білім беру мен дамудың жоғары стандарттарына адалдығымызды көрсететін маңызды және құрметті оқиға.

Осы маңызды кезеңнің ажырамас бөлігіне 49 ұстазымыз бен 103 оқушы айналғанын ерекше атап өткен жөн. Олардың дамуға деген ұмтылысы мен талпынысы біздің оқу орнымыздың құндылықтары мен мақсаттарын айтарлықтай қолдайды және нығайтады. Ең бастысы, әрбір жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балалардың ірі іс-шаралар мен жобаларға қатысу мүмкіндігі бар.

Біз бірлесе отырып, мекемемізді одан әрі мейірімді әрі әр баланың дамуы үшін шабыттандыратын орынға айналдыруды жалғастырамыз. Баршамызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған